Оқиғалар

Қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады. Экспозицияда суретшінің үш тақырыптық серияға біріктірілген 25 жаңа суреті ұсынылады.

Вернисаж 7 қыркүйек сағат 16.00-де, баспасөз-туры сағат 15.00-де өтеді.

 

1931-1993 жылдар аралығында «Советский музей» атауымен жарық көрген кәсіби музей журналы «Мир музея» деп жаңа атауына ауыстырылған.

Музейде – әрбір кескіндеме, әрбір нысанды жасаған тұлғалардың, зал қараушыларының, музей қорын зерттеушілердің және осы өнер туындысымен қандай да бір түрде байланыста болған тұлғалардың жеке тарихы жатыр. Дәуір тарихын, туындылардың жиынтығын және әрбір келушінің жеке өмірін байланыстыру үшін оны қалай ұсынуға болады? Бұл ретте музей журналы қандай рөл атқарады? Ол не үшін қажет және қай тілде сөйлейді? Журнал саны қалай жасалады?

«Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады.

2023 жылдың 24 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде сағат 15.00-де «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің салтанатты жабылуы аясында, «Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады.

«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді.

2023 жылғы 22 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті,  «Chine Post Group» корпорациясы,  Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның  Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына  орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы  достық» атты халықаралық көрменің ашылуы  өтеді.

"Тек армандаушыларға Жұлдыздар жарқырайды" халықаралық көрмесінің ашылуы.

2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.